Печать

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНДА

ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖАЗБАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



«Тұран» университетінің хабаршысы» ғылыми журналы Ғылыми еңбектің негізгі

нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілді, «Экономика» саласы.

(«Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспалар Тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі № 1082  бұйрығына  толықтырулар енгізу туралы » ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 30.05.2013ж. № 894 бұйрығы)


«Тұран» университетінің хабаршысы» ғылыми журналы оқырмандар ашық қол жеткізе алатын Ғылыми электронды кітапханаға (Мәскеу, Ресей Федерациясы) енгізілді және ғылыми журналдардың материалдарын ақпараттық, ғылыми және білім беру мақсаттарында іздеу, көру және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) аналитикалық базасына енді.

(Шарт № 361-06 / 2016 ж. 16.06.2016 ж.)


eLIBRARY.RU платформасында жарияланған жарияланымдардың толық мәтініне қол жеткізу үшін Ғылыми электронды кітапханаға пайдаланушыны тіркеу қажетті шарт болып табылады.

Ғылыми электронды кітапхана eLIBRARY.RU:

http://elibrary.ru



Материалдар басылған мәтіннің бір нұсқасы қоса беріле отырып, электрондық нұсқада ұсынылуы тиіс. Мәтін WINWORD XP немесе*. RTF (Reach text format) форматында терілуі тиіс. Шетелдік авторлар материалдарын электрондық пошта арқылы жібере алады.

Орыс тіліндегі материалдар үшін – Times New Roman шрифт, 14 кегль; қазақ тіліндегі материалдар үшін – Times New Roman шрифт, 14 кегль; ағылшын тіліндегі материалдар үшін –Times New Roman шрифт, 14 кегль. Жазба мәтіні бір жол аралығы арқылы теріліп, 8 беттен аспауы тиіс.

Парақтың үстінгі сол жақ бұрышында  ҒТАМИ және ӘОК жазылады.

Әрі қарай парақтың үстінгі оң жақ бұрышында автордың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы жазылады. Парақтың ортасына жазбаша әріптермен материалдың атауы, одан әрі - үш тілде кілт сөз (қазақша, орысша және ағылшынша) жазылады. Содан кейін мәтіннің келесі жиек мөлшерін сақтай отырып, тасымалдаусыз басу қажет: сол жақ – 30 мм, оң жақ – 10 мм, үстіңгі – 15 мм, астыңғы – 20 мм сақтай отырып тасымалсыз жазылады. Азат жол үшінші белгіден басталады. Формулалар тек формалар редакторы (Microsoft Equation) қосымшасында терілу керек.

Мәтінде квадрат жақшалар ішінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер, ал қолданылған әдебиеттер тізімі мақала соңына жазылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша түйін (200–250 сөз – шамамен 30 жол, 14 кегль), сонымен қатар мақала атауы үш тілде жазылады (қазақ, орыс және ағылшын).

Баяндама мәтіні еш жерде жарияланбаған түпнұсқалық нұсқада болуы тиіс.

Әрбір мақалаға сын пікір (сыртқы және ішкі) ұсынылуы тиіс.

Мақала соңында толық аты-жөнін, кері мекен-жайын, телефондар (қызмет және/немесе үй), факс, электрондық поштаны (e-mail) көрсетуді өтінеміз.

Мақала мазмұнына автор (авторлар) жауап береді. Ғылыми- редакциялық алқа кеңесінің пікірі автордың (авторлардың) пікірімен үнемі сәйкес келе бермейді. Редакция алқасы жазбаны жариялау немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады. Жазбалар кейін қайтарылмайды және оған пікір жазылмайды.


Материалдарды мына e-mail Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript бойынша жіберуіңізге немесе «Тұран» университетінің редакциялық-баспа бөліміне мына мекен-жай бойынша жеткізуіңізге болады: Алматы қ., Сәтпаев көш., 16-18, 18а, (209 каб).


Жариялау үшін төлем қолма-қол немесе М.А. Жуйкованың атына пошталық аударым арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: 050013, Алматы қ., Сәтпаев көш., 16-18, 18а, «Тұран» университеті.


Біздің басылымға қайта көшіру жағдайында сілтеме көрсету міндетті.


Анықтама телефондары: 8 (727) 260-70-00, 260-40-18.

Редакциялық алқа


 

English (United Kingdom)Russian (CIS)kazakh (CIS)
Баннер