Печать

Подробнее...

Құрметті оқырмандар!

 

Назарларыңызға ұсынылып отырған ««Тұран» университетінің хабаршысы» ғылыми қоғамдық журналы 1999 жылдан бері ғылым, білім саласындағы қызметкерлер мен іскер әлем өкілдерінің кең ауқымына есептеле отырып шығарылып келеді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев қоғамды әлеуметтік модернизациялауда ең алдымен адамның әлеуетінің ашылуына бағытталған жаңа тапсырма берген болатын. Елімізді әлеуметтік модернизациялау стратегиясының жүзеге асу қарқыны ең алдымен білімге байланысты – ал ол сапалы және қолжетімді білім, яғни экономика талаптарымен тығыз байланыста және өте жоғары халықаралық талаптарға сай болуы керек. Еліміз бір мезетте үш бағыттағы реформаларды сенімді жүзеге асыруда, яғни: нарықтық экономика құру, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету (білім, денсаулық сақтау) және саяси либерализация.

Сондықтанда біздің журналымыздың беттерінде қоғамның көкейтесті мәселелері, республиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру, республика азаматтарының құқықтық, әлеуметтік қорғанысын қамсыздандыру талқыланып және сарапталады.

Журнал қызметінің маңызды қағидасы – тұтастық қағидасы – ғылымның, білімнің және іскерлік өмірдің бөлінбес бірлігі, сонымен қатар, жарияланатын материалдардың қолданбалы бағытталуы. Сонымен бірге журналда әр түрлі сұрақтар бойынша материалдар жарияланады. Заманауи өндірістің нәтижелі және бәсекеге төтеп бере алуының өсуі, IT – технологиясының дамуы, ақпараттандыруды құратын экономиканың өсуі, инновациялық дамудың, методология, және білім мен оқыту технологиясының қазақстандық үлгісін тұтастай қалыптастыру, бұл мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты.

Журналдың әр түрлі айдарлары заманауи экономикалық мәселелер кең ауқымының, көкейтесті құқықтық сұрақтардың, туризм саласы дамуының, білім, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша сұрақтардың негізін қалайтын теориялық материялдарын жарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Олардың авторлары – Қазақстанның, іргелес және алыс шет елдердің ірі ғалымдары.

Экономикалық, құқықтық, әлеметтік-гуманитарлық және басқа да бағыттар бойынша жас зерттеушілердің, магистранттардың, докторанттардың маңызды ғылыми мүмкіндіктері біздің журналымыздың бетінде «Жас зерттеуші мінбесі» айдарында жарияланып жүзеге асуы мүмкін.

Жарияланатын материалдардың авторларын жоғары ғылыми деңгейі, мәселенің көкейтестілігі, идеясының жаңашылдығы, ғылыми тапсырманы құрудың және оны шешудің әртекті ыңғайларын білуі ажыратады. Осының бәрі ғылыми негізделген стратегияның және әртүрлі саладағы қоғамдық өндірістердің және соның ішінде қазақстандық қоғамның реформалану тактикасының жүзеге асуына, инновациялық жобаларының жариялануына ықпал етеді.

«Тұран» Университеті ғылым және білім саласының жаңа шептерін игеруде, жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, біздің Республикамыздың көркею игілігі үшін жоғары әлеуметтік маңызы бар жетістіктерге жетуге, лайықты, кәсіби сауатты, ой-өрісі дамыған, креативті ойлай білетін мамандар дайындау ісінде жетістіктерге жетуге үнемі талпыныс үстінде. Яғни сапалы білім Қазақстан Республикасының индустриялануының және инновациялық дамуының негізі болуы тиіс.

Құрметпен және жемісті ғылыми

ынтымақтастықта болайық деген тілекпен

журналдың бас редакторы,

«Тұран» университетінің ректоры,

э.ғ.д., профессор Р.А. Алшанов

 

English (United Kingdom)Russian (CIS)kazakh (CIS)
Баннер